Жеңістің 80 жылдығы аясында өңірде майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп жатыр. Ақ халаттылар аймақтағы ардагерлерге тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Одан бөлек, тегін дәрі-дәрмек қарастырылған, ем-дом шараларын да өз үйінде алуға мүмкіндік бар.


Шымкент қаласында дәрігерлердің мобильді бригадасы құрылған. Олар ардагерлердің үйіне келіп, денсаулық жағдайын тексереді. Мәселен, бүгін құрамында хирург, невропатолог, терапевт бар медициналық бригада тыл еңбеккерлерінің үйіне барып қайтты. Ақ халаттылар қарияларға толық консультация беріп, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмек тағайындады.


АҚМАРАЛ ҚҰРАЛҚЫЗЫ, 6 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бүгін біз осы ұлы жеңістің 80 жылдығына орай, біздің еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлеріміз бар, отан соғысқа қатысқан ардагерлеріміз бар, соларды құттықтай келе отырмыз. Осы 6 емханаға қарасты 26 ардагерніміз бар. Оларды біз арнайы құттықтап, одан қалды арнай диспансерлік бірнарсе жасап денсаулығына жауапты бізбіз. Жауапкершілігі біздің мойнымызда. 00:34


Мұнда Захира Бекмурзаева мен Маржан Махмудова тұрады. Жастары 80-нен асқан қарияларға емханаға өздері бару қиынға соғады, сондықтан дәрігерлер үйлеріне барып қажетті көмекпен қамтамасыз етті.


 МАРЖАН МАХМУДОВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ

Қарап жатқан дәрігерлерге рақметімді айтамын. Дендері сау болсын деймін. Дәрілерді әкеліп беріп тұрсын деймін.01:23


ЗАХИРА БЕКМУРЗАЕВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ

Жылда 1 рет январь февраль айында осмотр өткізеді. Барсақ бәрі тегін, очередьсіз алып кіріп көрсетіп шығады. Соған ырзамын. Әйтеуір көпшілігі очередьте тұрады.


Бүгінде Шымкент қаласында 1500-ден аса тыл еңбеккері бар. Қос ғасырдың куәгерлеріне деген құрмет те ерекше. Бауыржан Момышұлы айтқандай тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді.