Облыста 16 мыңнан аса отбасы баспанаға мұқтаж. Былтыр 961 жанұя тұрғын үйлі болса, биыл 944 пәтерді иелеріне тапсыру жоспарланған. Ал, күні кеше Түркістандағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде үйлердің кезекті құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров 100-ге жуық отбасыға су жаңа баспананың кілтін табыс етті.


Қолына пәтер кілтін алып, жүрекжарды қуанышқа бөленген отбасылар тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобына жатады. Олардың қатарындағы 48-і көпбалалы болса, «әлсіз топ» санатындағы отбасылар саны - 36 екен.


ЖҰЛДЫЗ ЖҰМАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА

Мен очередьке 2019 жылы тұрған болатынмын. Қуанышты күн бүгінге сай келіп тұр. Әуелі Алла, сосын президентіміздің саясатының арқасында пәтерлі болып отрмын. Қуанышымда шек жоқ. Өзім 5 баланың анасымын. Мектепте мұғалім болп жасаймын. Қуанышымыз көпке созылсын.


 Мұның барлығы –халықтың әл-ауқатын арттыру мен әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталатынын айрықша атап өткен өңір басшысы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын тілге тиек етті.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Әр адам үшін ең бастысы баспана. Мемлекет басышысының тапсырмасы аясында барлық өңірде тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Былтырғы жылы назар аударылды. Биыл осы үрдісті жалғасытрып, тұрғын үй құрылыстарын жүргізіп жатырмыз. 00:43


Айта кету керек , қазірде Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам азамат баспанаға мұқтаж ретінде тіркелген. Қазір өңірде баспана мәселесін шешу үшін белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.