Шымкентте тірек қимылы бұзылған 152 балының 82-сінің денсаулығы жақсарып келеді. Еліміздегі ерекше балаларды емдеуге арналған пилоттық жоба аясында төсекке таңылғандар тұрып, орындыққа байланғандар жүріп жатыр. Бағдарламаның нәтижесін көруге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мегаполиске арнайы келді.


Жаңа жобаның шарапатын көргендердің бірі – Дамира Айтбайқызы. Оның ұлы Нұрмұхамет Қазыбекке 3 жасында тірек қимылы бұзылғаны туралы диагноз берілген. Содан бері 8 жыл ұлын емдеумен келеді. Жоба аясында техникалық көмекші коррекциялық құралды үйіне алдырған. Нәтижесінде Нұрмұхамед аяғына нық тұрған.


ДАМИРА АЙТБАЙҚЫЗЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Вертикализатор деген баланы аяққа нық тұру үшін қолданылатын аппарат. 6 ай ем алдық алты ай сонда тұрғызып содан шүкір Аллаға балам аяқтан нық тұрды. Аяғын ұстай алмайтын тұғын вертикализатор арқасында аяғын нық ұстауды үйренді балам


Балалардың мүгедектігі – өмір сүру әрекетінің едәуір шектелуіне әкеліп соғады. Дамуындағы ауытқулар, өз-өзіне қызмет көрсету, қарым-қатынас жасау, оқу және болашақта кәсіптік дағдыларды меңгеруде қиындықтар туғызатыны анық. Сондықтан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселеге ерекше назар аударып отыр. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп «Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» пилоттық жобасын жүзеге асырып отыр.


ВИКТОРИЯ ШЕГАЙ – ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

От лица министерство труда Министрлік атынан сіздердің еңбектеріңізге ауызбірлікпен атқарған ауқымды шаруаларыңызға үлкен алғыс білдіргім келеді. Дәрігерлер мен реабилитолог мамандардың бірлесіп атқарған еңбегіне құрмет. Мемлекет басшысы ұлттық құрылтайда «Қазақстан халқына» қоры ігі істерге бағытталып жатқандығын атап өткен болатын. Бұл қордың демеуі болмаса жобамызды жүзеге асыруымыз не ғайбыл. Қала әкімдігінің ұйымдастыруы болмаса 10 айда мұндай жеттістікке жетпес едік. Сондықтан баршаңызға рахмет.


Бұл жобаға Шымкент қаласынан 152 бала қатысқан. Ортақ күш-жігердің арқасында осындай жетістіктер бар. 10 ай көлемінде қызмет көрсетілген балалардың 84 оң нәтиже берген. 4 – жоба сәтті аяқталып орындыққа байланғандар өздігінен жүрген. 18 бала жүруге әрекет қылып жатыр екен.


САЛТАНАТ ИБРАЕВА – ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Ең алғашқы пациент 2024 жылдың 6 қыркүйегінде берілген төртаайда толық орнынан тұрды.


Бүгінде Қазақстанның төрт өңірінде: Шымкент қаласында, Қызылорда, Павлодар және Абай облыстарында барлығы 306 бала инновациялық техникалық құралдармен оңалту шараларына қатысуда. Олардың 23-інде оң нәтиже байқалады. Жоба басталғалы 10 айда 71 бала басын ұстай алады, 31-і тірекпен отыруды үйренді, 42-сі өздігінен отыра алады, ал 39 бала сүйенішпен тұра алады. 16 бүлдіршін өздігінен тұруды үйренсе, 21-і сүйенішпен жүре бастады,11-і ешкімнің сүйемелдеуінсіз жүріп жүр.