Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысымен танысты. Жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңір экономикасының өсім көрсеткіштеріне тоқталды.
Спикер жергілікті билік пен мәслихат депутаттары өнеркәсіптік өндірісті ұлғайтып, шағын және орта бизнесті дамытуға бірлесіп күш салу керек деді. Президент тапсырмасына сәйкес инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу жобаларын саралады. Бұл бағытта алдағы 4 жылда облыстың инвестициялық портфелі 3,5 трлн. теңгеге жетпек. Қыруар қаржыға 62 жоба жүзеге асады. Ал бұл қосымша 6 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде аймақта құны 608 млрд. теңгеден асатын 30 жоба іске асырылуда.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Өңірлерде жаңа кәсіпорындар іске қосылып, жұмыс орындары ашылып жатыр. Осы істе Жамбыл облысының да қарқыны көңіл қуантады. Біз алдағы уақытта да әріптестерімізбен бірге облыстың жан-жақты дамуына қолдау көрсетуді жалғастыра береміз. ))
Әрі қарай Сенат төрағасы жамбылдық белсенді жастармен еркін форматта кездесу өткізді. Мәулен Әшімбаев бүгінгі буын бес тілді біліп, қазақ елін алты құрлыққа таныту керектігін айрықша айтып өтті. Ол үшін ең алдымен, материалдық емес, интеллектуалдық капитал жинауға шақырды. Өз кезегінде жастар да ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.
ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ – AMANAT ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
3 жылға жуық «Әулиеата» тұрғын үй бағдарламасы іске асып келе жатыр. Биыл да қолдау тапқалы отыр. Енді биыл жұмысшы мамандарға, яғни 150 жасқа арналған бағдарлама іске асқалы отыр. Енді біздің ұсынысымыз осы бағдарлама республикалық деңгейде қолдау тапса, қаржысы көбе