Шымкент қаласында тігілген «Аламан құрақ» Гиннестің рекордтар кітабына енген. Бұл жаңалықты ел жақсы біледі. Мегополистің қолөнершілері енді Астана күніне орай тағы бір рекорд жаңартпақшы. Ерекше туынды – қазақтың ұлттық қолөнерін насихаттаған жүздеген шебердің қолынан шыққан. Тақырыпты тілшіміз сабақтайды.
Бұл жолы да ұлттық қолөнерге басымдық берілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа рекорд ең көп адам қатысып, бір мезетте құрақ құрау немесе ең ұзын жолақ көрпе тігу секілді ерекше форматта өтпек. Негізгі мақсат – қазақтың төл өнерін дәріптеп қана қоймай, елорда мерекесіне орай халықтың ауызбіршілігін, ұлттық бірегейлігін паш ету.
АҚМАРАЛ ТАҢАТАРҚЫЗЫ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бірігіп, Алла қаласа Медеу мұз айдынында өткелі отқан үлкен әлемдік жоба. «Аламан» құрақтың үшінші жобасы өткелі отыр. Сол жобаға біздің Түркістан облысының атынан 100 құрақшы шыққалы отыр. Мен осы Түркістан облысы құрақшыларының көшбасшысы болам. Бүгінгі жиын сол Алматыға жол тартқалы отқан құрақшыларды шығарып салу мақсатында болып отыр. Бұл жобаның кереметтілігі биыл үшінші рет рекордты жаңартқалы отыр
Іс-шараға тек шымкенттіктер ғана емес, өзге өңірдің шеберлері де қатысуға ниетті. Соның ішінде ең жасы Аяла Сапарбек. Ол бұған дейін де рекорд жаңартушылардың қатарында болған. Бұл жолғысы былтырғыдан да көлемді болмақ.
АЯЛА САПАРБЕК, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
Құрақ құрау өнері көп адамның қолынан келе бермейтн өнер. Ата-бабамыз бізге мұра етіп қалдырғандықтан біз оны жалғастыруға амантты ақтауға міндеттіміз. Біз қазір құрақтарымызға көпнесе ши құрақ, қошқар мүйіз оюын қолданып осы жолы ши құрақты құрап жатырмыз.
Қолөнер арқылы қазақ рухын көтеру – бүгінгі күннің басты миссиясына айналғандай. Ал еліміздің жүрегі – Астананың құрметіне арналған бұл игі бастама, сөзсіз, ел есінде қалары анық.