Бір домбыраны жасап шығуға бір аптадан үш аптаға дейін уақыт кетеді. Бұл аралықта ағаш ұстасы аспапқа қажетті материалдарды өңдеп, иіп, түрлі детальдарын даярлайды. 27 жылдық іс-тәжіибесі бар қолөнершінің сөзінше, домбыраның сапалы болуы қолданылатын ағашы мен оны жасайтын шеберге тікелей байланысты.
Қожабек Сәдібектің шеберханасынан шыққан домбыралар 50 мың мен 500 мың теңге аралығында саудаланады. Тек-тұрпаты Қазақстанның 100 есіміне енген шебер «Алақай» атты авторлық туындысын жасап шыққан. Өнім облыстық, республикалық деңгейде мойындалыпты. Негізінен домбыраның бұл түрі балалар мен жасөспірімдерге арналған.
ҚОЖАБЕК СӘДІБЕК – ШЕБЕР
«Өйткені үлкен домбыраны тарта алмайды. Қолы жетпейді, ыңғайсыз. Домбырам Түркістан облысында бірінші орын алды. Республикада екінші орын алды.»
Аружан Молдабекова – 2 жылдан бері домбыра үйірмесіне қатысады. Осы аралықта ол Құрманқазы мен Н.Тілендевтың біршама шығармасын меңгерген. Сөзінше ұлттық аспапта ойнау аса қиын іс емес, ол үшін тұрақтылық пен қызығушылық қажет.
АРУЖАН МОЛДАБЕКОВА – ОҚУШЫ
«Домбыраны үйрену сырт көзге қиын болып көрінуі мүмкін бірақ адамда тұрақтылық болуы керек. Тұрақтылық болса оңай болады. Бәрін өз уақыты мен тиімді істесе оңай болады.»
Ұлттық домбыра күніне орай Пушкин кітапханасында «Нағыз қазақ домбыра» атты мерекелік кеш өтті. Оған үйірме қатысушылары мен ағаш ұстасы қатысып, ұлттық аспапқа қатысты мәліметтерімен бөлісті. Оқушылар домбыраның тарихына бойлап, шығу тегіне үңілді.
РАУШАН ДҮЙСЕБАЙҚЫЗЫ – КІТАПХАНАШЫ
«Біз домбыра туралы тек домбыра күні ғана іс-шара өтпейміз. Барлық іс-шарамызда қазақтың қара домбырасымен жыр жырланып, ән айтылып отырады. Әрдайым насихаттап отырамыз.»
Іс-шара барысында үйірме жетекшісі мен қатысушылары күй шертіп, ұлттық аспап жайында айтылған түрлі ақпараттарға құлақ түрді. Аға буын домбыраның қадір-қасиеті жайында әңгіме өрбітіп, оның кең көлемде насихатталуы қажетін айтты.