Шымкентте мекемелерді бақылауына алып, қорғамақ мақсатта ақша бопсалаған қарақшылық топ ұсталды. Белгілі болғандай олар тонау, бопсалау және қарыз мәселелерін шешумен айналысамыз деп уәдені үйіп-төгіп, түнгі клубтардан ай сайын 2,5 млн теңгеден алып отырған.


Тергеу барысында ұйымдастырушы өзінің сенімді адамдарынан арнайы топ құрып, қарақшылық шабуыл немесе ұрлық жасау мақсатында үлкен сомада ақша қаражаты болуы мүмкін жерлерді үнемі талдап жүргені анықталды. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топ ұйымдастырушысы және оның жақын сыбайласы ұсталып, қамауға алынды. Тінту кезінде олардан қару мен патрондар тәркіленді.Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар бес тұлға анықталды. Енді олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.