Шымкентте садақ атудан ересектер мен жастар арасында ел чемпионаты басталды. Сайысқа еліміздің 10 өңірінен 240 спортшы қатысып жатыр.


Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Алдабергенов спортшыларға сәттілік тіледі. Сайыстың бас төрешісі, Халықаралық дәрежедегі төреші Аия Айтбаева жарыс жолына шығу тәртібін түсіндіргеннен кейін мергендер нысана көздеуді бастады. Шымкенттік спортшылар медаль үшін күресетін мықтылар қатарында іріктеу сынақтарын сәтті орындап шықты. Ақтық бәсеке 7 шілде күні өтеді. Жеңімпаздар еліміздің ұлттық құрамасына мүше болып қабылданады.