Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің түлектері үшін бүгін ерекше күн. Үлкен өмірге жолдама алған 414 студентке салтанатты түрде диплом табысталды. Оның ішінде 62-сі үздік оқып, қызыл диплом иегері атанды. Тақырыпты тілші сабақтайды.
Салтанатты шараға оқу орнының басшылығы, ұстаздар, ата-аналар мен студенттер қатысты. Колледж директоры түлектерге жылы лебізін білдіріп, олардың болашақтағы кәсіби жолына сәттілік тіледі.
ГУЛЬНАРА ИБРАГИМОВА – ШЫМКЕНТ ЖОҒАРҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ
Бүгін біздің колледжде сәтті күн. Бүгін біз , біздің түлектеріміздің диплом табыстау рәсімін іске асырып жатырымз. 02-30. Біз ол бааларға үлкен үміт артамыз. Ертең бұл біздің көрсеткішіміз. Бала жұмысқа орналасса мамандық бойынша және жоғарғы оқу орнында оқуын жалғастырса бұның барлығы біз үшін абырой.
Колледж – еліміздегі педагог кадрларын даярлайтын іргелі білім ордаларының бірі. Мұнда болашақ бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі тәрбиешілер, аударма ісі сынды сынды мамандықтар бойынша сапалы білім беріледі. Білім беру ісімен қатар, студенттердің шығармашылығын, қоғамдық белсенділігін дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Салтанатты жиында оқу озаттарына ерекше құрмет көрсетілді. Солардың бірі – Севинч Камилова. Ол «аударма ісі» мамандығы бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, колледжді қызыл дипломмен тәмамдады.
СЕВИНЧ КАМИЛОВА – БІТІРУШІ ТҮЛЕК
Бұл колледж білім бере ғана қоймай, белсенді студент болуға да мүмкіндіктер бар. Бұл колледжде білім алып ғана емес қызықтым және ұстаздар нағыз менторлар және психологтар өз мамандарының шебері. Біз белсенді студент болғанда қайырымдылық жасағанбыз. Бұл колледж мен үшін өте қатты мүмкіндіктерді ашты.
Марапаттау рәсімінде үздік оқыған студенттерге құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды. Түлектер ұстаздарына алғыстарын айтып, студенттік өмірдің қызықты сәттерін еске алды. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.