Шымкент әуежайының жаңа терминалынан халықаралық рейстермен ұшатын кез келген жолаушы Sky Hall бизнес залына кіре алады. Халықаралық стандарттарға сай лаунж бар өз жұмысын бастады. Нысанның ашылу салтанатына «SCAT әуекомпаниясы» АҚ президенті арнайы келіп лентасын қиды.


Бизнес зал стерильді аймақта, үшінші қабатта орналасқан. 100 орындық және 350 шаршы метрден астам аумақ жайлы әрі ыңғайлы атмосферада рейсіңізді күтуге мүмкіндік береді. Лаунж бар кез келген қонақтың көңілінен шығады, - дейді әуекомпания президенті.


ВЛАДИМИР ДЕНИСОВ, «SCAT ӘУЕКОМПАНИЯСЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ

Пользоватся этим залом все Бұл залдың есігі барлық мейманға ашық. Жергілікті жолаушылармен қатар транзиттік меймандар да келе алады. Ерекшелігі сол бұл лаундж халықаралық талаптарға сай. Лаунж барды жүзеге асырған әріптестеріміздің осы салада тәжірибесі мол. Нысан біздің терминалдың сапасын арттыра түсетініне сенімдіміз.


Зал операторы — Altahir Lounges компаниясы. Бұл — Қазақстандағы әуежайларда қызмет көрсететін тәуелсіз әрі алғашқы жайлы залдар желісі.


НҰРБЕК ЕРЖІГІТОВ, «ШЫМКЕНТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРМИНАЛЫ» ЖШС ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұл өте жақсы + болады біздің қонақтарға. Шетелден келген қонақтарға Олар келіп Шымкент деп өте таң қалатын болады. Қосымша қаланың экономикасы салықтан ақша түседі. Шымкенттің аты көтеріледі.


Лаунж барға лоялды бағдарламаларының қатысушылары өз банктері берген карталары арқылы кіре алады. Сондай-ақ залға қолданыстағы бағалар прейскуранты бойынша ақы төлеп кіруге болады. Әуе компанияларының тізімін залға кірер алдында бір нақтылап алу қажет.