Биыл 90 жылдық тарихы бар Оңтүстік Қазақстан педогоикалық университеті 2 мыңға жуық студентке диплом табыстап, түлетіп ұшырды. Оның 136-сы оқуда озат атанып, қызыл диплом еншілеген. Айта кетейік, құрамында 6 факультет жұмыс істейтін білім ордасы ғасырға жуық тарихында 80 мыңнан аса талапкерге білім беріп, ұстаз етіп қалыптастырған.


Бүгін кезекті диплом табыстау рәсімі өтті. Онда «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау», «Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламаларының студенттері түлек атанды. 330 шәкірт университетпен қоштасып, ұстаздық жолға бет түзеді.


ӨМІРӘЛІ ТҰРЫСҚҰЛОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ

«Былтырғыға қарағанда биыл жоғары. Жыл сайын біз өсіп келе жатырмыз. Бітіруші түлектеріміздің саны да жоғары және үздік дипломдар саны да жоғары.» 


Университет 4 жыл бойы өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жан-жақты жетілдіреді. Теориялық білімді іс жүзінде зерделеуге мүмкіндік беріп, тәжірибе жинақтауға жағдай жасайды.


АИДА МЕДЕТБЕК, ЖАС ТҮЛЕК

«Мектепке практикаға бардық. Мектепте де қызық болды. Оқушылармен тілтабысу, ағаймен жұмыс жасау деген сияқты. Ол жердегі тәжірибемен университетке келіп білімімізді дәлелдедік деген ойдамыз.» 


Гүлжан Сүгірбаеваның айтуынша, университет Қазақстандағы жоғары оқу орындар рейтингінде өз орнын шегемдеп, лайықты бағасын алған. 28 мемлекеттік университет ішінде 8 орында тұрады. Ал педогогикалық білім беретін оқу орындары арасында екінші орын еншілеген. Жылдан-жылға білім беру бағдарламалары жетіліп, техникалық-база да ұлғайып келеді. Осылай деген университет ректоры студенттерді құттықтап, алдағы еңбек жолына табыс тіледі.


ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

«Диплом алу дегеніміз үлкен өмірге жол ашу дегеніміз. Оған дейін еркелесеңіздер, еркеліктеріңізді біздер көтерсек, ата-аналарыңыз қолдаса, қазір өмір сіздердіңқолдарыңызда. Сол дипломның жемісін сіздер көресіздер.»


Іс-шара барысында жас түлектер сахнаға салтанатты түрде шақырылып, диплом табысталды. Болашақ мамандардың жүзінде күлкі, көңілінде шаттық. Ұзтаздарға алғыс жаудырып, ризашылық танытып жүр.