2035 жылға дейін Қазақстанда қосымша 26 ГВт-тан астам энергия өндіруді көздейтін кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Тағы 10 ГВт өндіретін жобалар пысықталуда. Бұл туралы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады. Жиында Президент тапсырмаларын орындау аясында негізгі энергетикалық және ақпараттық коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Батыс аймақтарды елдің Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен біріктіру және Оңтүстік аймақтың қуатын арттыру жұмыстары да жиында кеңінен талқыланды. Кеңес барысында ауылдық елдімекендерді, күре жолдарды интернет байланысымен қамту мәселесі де қаралды.