Түркістан облысында дрон басқаушы маманы оқытылады. «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі жылыжай мен көгалдандыру ісінің кадрларын да қоса даярлайды. Негізінен ауылшаруашлығына қажетті маман даярлап жүрген білім ұясы меморандум аясында ұстаздарын Қытайда тағлымдаудан өткермек.


Айгерім Зуатдинова болашақ программист. ІТ саласына деген қызығушылығы 9 сыныптан кейін колледже ауысуына негіз болған. Қазір компютер тілін жеткі меңгеріп алған. Жасанды интелект жұмысымды жеңілдетіп, тапсырманы дер кезінде әрі сапалы орындауыма мүмкіндік берді, дейді студент.


АЙГЕРІМ ЗУАТДИНОВА – СТУДЕНТ

Біз енді колледжде сабақ оқитын болғандықтан көп жағдайда код жазу немесе кесте құру сияқты тапсырмаларды мен осы жасанды интелектпен жеңіл түрде жасай аламын.


Білім ұясы жаңа оқу жылынан бастап дрондармен жұмыс істейтін маман оқытады. Оған қоса жылыжай мен көгалдандыру саласына қажетті жұмысшылар да даярлайды. Бұл өз кезегінде облыста салынатын ұшу аппараттын шығаратын зауып пен аграрлы өңірдегі кадрлық тапшылығын шешуге септігін тигізбек.


БАҒЛАН ШЫҒАНОВ – КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ

Колледж ауылшаруашлығына қажетті мал дәрігері, зоотехник, есеп және аудит, химиялық талдау және ІТ мамандарын оқытады. Білім ұясын бітірген түлектердің 80 пайызы тұрақты жұмыс тауып жатыр. 95 жылдық тарихы бар колледжге биыл 225 грант бөлінбек. Оның басым бөлігіне жаңа мамандық бойынша студенттер қабылдайды.