Мегаполисте 200 мыңнан астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылмаған. Бұл азаматтар ауырып емханаға келгенде дәрігерлер әбігерге түседі. Осы және өзге де мәселелерді мәслихат депутаттары Шымкентке арнайы келген сенаторларға жеткізді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жергілікті халық қалаулыларымен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы айқындаған ел дамуының негізгі басымдықтары мен биылғы парламент қабырғасында қаралған заңдардың басты ережелері мен орындалуы туралы айтып берді. Сонымен қатар қаладағы мәселелерді тыңдады. Солардың бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.
БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Жергілікті орган сақтандырылмаған азаматтарға қаржы төлейді. Бір жағынан жақсы екінші жағынан мемлекетке салмақ ғой. Кнейбір азаматтар маған әкімшілік ақша төлейді деп жүре беруі мүмкін.
АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Университетті көп бейінді аурцхана салынайын деп жатыр. Олда медицинаны дамытуғаа бейім Өзіңізде де күрделіә оталар жасалып жатыр.
Шымкентте 100 ден астам жекеменшік мектеп бар. Соңғы жылдары бой тіктеген білім ұялары мегаполистегі 3 ауысымды 2 ауысымды мектептер мәселесін шешкен. Алайда жекеменшік мектеп мұғалімдеріне қазіргі таңда айлық тауып беру қиын болып тұр дейді мәслихат депутаты Мұратәлі Қалмұратов.
МҰРАТӘЛІ ҚАЛМҰРАТОВ, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Өздерінің табысын мекетепті салған үшін айлық жалақыға беріп отыр. Ол осылай кете беретін болса жақын арада мектептер қайта жабылу басталады.
НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Экономистермен білім басқармасының құзырлы басшыларцымен тікелей жауапты адамдармен келісіп сөйлесіп алайық. Содан кейін әкіммен мүмкін ақылдасармыз. Жан жақты қарайық мұны
Сенаторлар Конституцияның 30 жылдығына орай Мәжілісте қаралып жатқан жаңа амнистия заңына да тоқталып өтті. 15 мың адамның жазасы жеңілдейтін болады. Шымкенттік 774 адамға рақымшылық қолданылатын болды. Оның 747-нің жаза мерзімі азайтылса, 25-і толықтай еркіндікке шығады екен.