Астанада бокстан әлем кубогы өз мәресіне жетті. Шымкенттік спортшы Махмұд Сабырхан қарсылас шақ келтірмеді. Ол 30-ға жуық елден 300-ден аса спортшы қатысқан әлемдік додада топ жарып, алтыннан алқа тағынды. Жерлесіміз финалда Руи Ямагучимен жұдырықтаспақ болған, ал Жапон елінің өкілі шаршы алаңға шығудан бас тартты.


 Бұл олимпиадалық World Boxing ұйымы ұйымдастырған елдегі алғашқы бәсеке.

30 маусым мен 6 шілде аралығында өткен жарыста ел намысын 20-дан аса спортшы қорғады. Ерлер және әйелдер командасы толық құрамда жұдырықтасып, Қазақстан құрамасы 16 салмақта жүлде тұғырынан көрінді. Ерлер құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 2 қоланы қанжығаға байласа, әйелдер 3 алтын, 3 күміс, 2 қоланы қоржынға салды. Қатарында ел намысын қорғаған шымкенттік Махмұд Сабырхан да бар. Ол турнир барысында оңтүстік кореялық Шинь Дже Енды, филиппиндік Аарон Джудо Бадоны және болгариялық Ясен Радевті жеңіп, финалға жолдама алған. Ал, ақтықсында Жапондық спортшы рингке шығудан бас тартып, Махмұд - Қазақстан үшін Әлем кубогының екінші алтын медалін жеңіп алды.


МАХМҰД САБЫРХАН, ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

Әлем кубогы басаталады дегелі, дайындығымызды бастап кетуен болатынбыз. Міне аяқталды. Аллаға шүкір жеңімпаз атандық. Бірінші күнгі кореялық, сосын филиппиндік, болгария боксшысы, одан кейін жапондық боксшы жарақатына байланысты жұдырықтасудан бас тартты. Осымен тоқтамаймын, алда келе жатқан әлем чемпионаттарында тағы да кездесетін боламыз.