Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын енгізуге басымдық берілуі керек! Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен ағын суға қатысты мәселелер талқыланған мәжілісте айтылды.


Елде жылдан-жылға ағын су көлемі азайып келеді. Сондықтан, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуге басымдық беріліп, бұл бағытта жұмыс істейтін шаруаларға қолдау күшейтілген. Осыған орай, жуырда жаңа «Су кодексі» күшіне еніп, бірқатар өзгерістер енгізілген еді.


НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ

Өзгерістердің ең маңызды, ауқымды өзгерістердің бірі- су үнемдеуге байланысты. Себебі, ауа-райының жағдайын көріп отырсыздар. Жылдан-жалға жалпы Қкзақстан б-ша елу жылда пайда болып жатқан қалыптасқан су көлемі 72 пайызы өзіміздің қазақстан территориясында 28 пайызы көршілес мемлекеттерден келетін.Сондықтан, ең бірінші өзекті болып тұрған ауылшаруашылығы мәселесі. 


Жиында су шаруашылығына жауапты министрлік пен мекемелердің жауапты тұлғаларының баяндамалары тыңдалды. Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектарға, яғни, өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға артық егілген. Оның ішінде, суармалы алқап 552 мың гектарды құрайды. Егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес босатылып, вегетациялық маусым қалыпты деңгейде өтіп жатыр.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

 Егер субсидия жағынан қолдау болатын болса, жалпы 552 мың гектарды 850-900-ге дейін жекізуге болады деген мүмкіндік бар деп көріп отырмыз. Өңір шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан су үнемдеу технологиясының субсидиясын біз есептедік, қазіргі таңда биылдың өзінде Республика тарапынан 47,2 млрд теңге талап етеді. Келешекте 25-27 жылы бюдже нақтылауында тиісті қаржыны қолдауыңызды сұраймыз. 


Облыстық бюджет мүмкіндігі шегінде, аудан, қалаларда бірінші кезекте қалпына келтіруге жататын су нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр облыстық бюджет есебінен 43 шақырымды құрайтын 11 су нысанына күрделі жөндеу және 1 350 шақырым қашыртқыларға қатысты 6 жобаға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.Су нысандарын қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар атқарылып, «Тұран су» кәсіпорны қажетті техникалармен қамтамасыз етілді. 2023 - 2024 жылдары 3,6 млрд. теңгеге 60 арнайы техника сатып алынды. Осы техникалар есебінен 2025 жылдың алты айында 533,4 шақырым каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.