Қақаған аяз бен ызғарлы боранда, жаңбырлы кезеңде тіпті, аптап ыстықта да жұмысын тоқтатпайтын мамандық иелері көптің көңілінен шығып жүргені рас. Қаланың тазалығын қамтамасыз ету үшін Шымкенттің өзінде күніне мыңдаған адам жұмылдырылады. Үлкен қалада еңбек пен қара жұмыстан қашпайтын жандар жайында әріптесіміз айтып берсін.


Гүлсара Мұқашқызының коммуналдық қызмет саласында жұмыс істеп жүргеніне біраз жылдан асыпты. Ол о баста саудагер мамандығын алып, 5 жыл сол жолда қызмет атқарған. Кейіннен балалы-шағалы болып, уақытының ыңғайы тек осы коммуналдық қызмет саласында істеуге ғана келіпті. Бүгінде ол 58-ді алқымдаса да, шау тартпаған. Ширақ қозғалып, қала көшелерінің тазалығын сақтауға септігін тигізіп жүр.


ГҮЛСАРА МҰҚАШҚЫЗЫ, КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР

Күнделікті жұмыс. Общийға барамыз. Остановка жуамыз көбіне. Жұрттар салқын жерде тұрсын деп. Рахметтерін айтады олар. Рахмет сіздерге көп-көп деп жұрттың жағдайын жасап жатырсыңдар дейді. Бір ел мақтап кетеді біз оған қуанып кетеміз. Марқайып қаламыз. 


Тазалық сақшысының жұмысы таңғы 6:00-де басталады екен. Ол жұмысқа үйден жұрттар шырт ұйқыда жатқанда шығып кетеді. Ерте кетіп, кеш оралса да отбасының бұл жағдайға түсіністікпен қарайтынына дән риза. Әр адам жұмысын сүйіп істегенде ғана шаршамай, жемісін көреді, -дейді мұндағы мамандар. Оған әбден көздері жеткен. Ал, Гүлсара апаймен мұнда бірлесе тағы бірнеше адам қызмет атқарады. Олар қызығы, аула сыпырушының жұмысы көше жинастырумен ғана шектелмейді. Қызметкерлерге жастарды тәртіпке шақырып, жинақылыққа тәрбиелеу міндеттелген.


ТОЛҚЫН ОРАЗБАЕВА, КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР

Табиғатты сақтайық, Алланың берген аманаты ғой. Үймізді қалай ұстасақ, табиғатты да солай қоғрғауымыз керекү. Жастарға тазалықты үйретейік.Таза болып тұрғаны өзімізге де жақсы. 


Тазалық мамандары жыл сайын қалаға көптеп туристер ағылатынын айтады. Сондықтан көше тазалағын ылғи бірінші орынға қоюуымыз керек,-дейді.