«Уақыт» телеарнасына 1 жыл! Көрерменді соңғы жаңалықтардан хабардар етіп, танымдық бағдарламалар тізбегін ұсынып жүрген ұжым алғашқы мертойын атап өтті. Жасаған жұмыстарына шолу жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Журанлист – ауа-райының құбылмалы мінезіне, қарына-жаңбырына, аптап ыстығы мен сарышұнақ аязына қарамай қыр-даланы кезіп, көрерменше бүкпесіз, боямасыз, нақты ақпарат ұсынатын жауапты мамандық иесі. Міне бүгін тап осы миссияны абыроймен арқалап, ақпарат айдынын сапалы ақпаратпен толықтырып жүрген «Уақыт» телеарнасына 1 жыл.
Телеарнада үш редакция жұмыс істейді. «Жаңалықтар» соңғы ақпардан хабар беріп, бағдарламалар көрерменнің көкжиегін кеңейтеді. Ал балалар бөлімі жас өреннің талабын танып, талантын ұштауға ұмтылады. Арнаның алға қойған мақсаты айқын, жоспары нақты.
АРДАҚ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, «УАҚЫТ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
– «Алдағы жоспар өте көп. Жылжымалы студия келе жатыр. Әрбір іс-шараны тікелей эфирде көрсетсек дейміз. Газет оқымайды, телеарна көрмейді деген көрерменді қайтадан журналистикаға баурап алғымыз келеді.»
Жыл ішінде телеарна 30-ға жуық бағадарлама өндіріп, түрлі тақырыпты қаузады. «Шымкенттік мафия» ток-шоуы ерекше мазмұнымен дараланып, «Әкім уақыты» жауаптыларды ширатты. «Мәселеде» тұрғындардың әл-ауқаты айтылып, басты мәселелер көтерілді. Ал «кеші шәй» танымал тұлғалардың жан сырын ағытты. Арна сыни бағытқа да қалам сермеп, айтар ойын іркіп қалмады.
ТАЛҒАТ БАЛТАБАЕВ, «УАҚЫТ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
– «Халықтың көкейінде жүрген мәселелер бар қаншама. Біреуі билікке жетеді, екеуі билікке жетпейді. Ардақ Жақсылықова бастаған команда халықтың мәселесін билікке жеткізіп, соны шешу бағытында көптеген жұмыстар атқарып жатыр.»
Жиында телеарна ұжымы бір жылдық жұмысты қорытындылап, микрафонға сұхбат берген спикерлерді марапаттады. «Ең шыншыл жан», «Ең көңілді қонақ», «Ең үздік баспасөз хатшысы», «Ең үздік жас тілші», «Ең үздік әкім» сынды номинациялар табысталды.
СЕРІК СПАТАЕВ, АҚЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
– «Уақыт телеарнасының ютуп, фейзбук сынды әлеуметтік желілеріне тіркелгенімін. Қалай бар солай шығарады. Сол жағынан ұнайды.» -
Мерейтойда түрлі сала өкілдері бас қосып, ақжарма тілектерін жолдады.
ДАНАБЕК ИСАБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
– «Қайда жүрсек те әкімшіліктің жиналыстарында, кездесулерінде «Уақыт» телеарнасы жүреді. Мен ұдайы қарап жүремін. Керекті ақпараттарды аламын.»
ЭЛЬМИРА ТҰРЛЫБЕК, «ОҢТҮСТІК» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ
– «Медия саласында жүріп ақпарат тарату және фейк ақпаратқа жол бермей таза,нақты ақпарат тарату кәсіби журналистің шеберлігі. «Уақыт» телеарнасында осы мүмкіндік бар. Ұжымда да кәсібилік көрінеді. Сондықтан да жоғары бағалауға болады бұл арнаны.»
Телеарна ұжымы жұмыс шеңберін кеңейтіп әремен қарай ширатуды көздейді. Ол үшін көрерменге сапалы контет ұсынуды жалғастырып, сапасын одан әрі жетілдіру үстінде.