ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келіп, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Сапардың бір бөлігі – Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу. Жастардың техникалық және кәсіптік білім алуына қатысты мәселелерді талқылау болды.


Сенаторлар Шымкент қаласындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжіне арнайы ат басын бұрып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Колледж – жұмысшы мамандықтарын дайындауда өңірдегі жетекші оқу орындарының бірі. Мұнда студенттер шетелдік және отандық бәсекелерде жоғары жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейдегі кәсіби жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр.


 МЕРУЕРТ БЕКМАНОВА, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі таңда Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі суранысқа ие мамандықтарды дайындайды Себебі біздің түлектердің 80 пайызы жұмысқа орналасады. 35 әлеуметтік әріптестеріміз бар


Сенаторлар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Кездесу барысында техникалық мамандықтарға қолдау көрсету, еңбек нарығына бағдар беру және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың маңызы ерекше атап өтілді.


НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

 Қазір білесіздер цифрландыру, жасанды интеллект өмірімізге еніп жатыр. Көптеген дәстүрлі мамандықтардың жойылып кету қаупі бар. Осындай сын-қатерлерге дайын болу үшін жастарымыз жаңа заман талаптарына сай бейімделуі қажет»


Шымкент қаласында өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейі жоғары. Азаматтар еңбекқорлықпен және өз мүмкіндігін тиімді пайдалану арқылы табыс тауып отыр. Алайда заманауи білім мен кәсіби дайындықсыз еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу қиын. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін күшейту – бүгінгі күннің басты талабы, Кездесу соңында сенаторлар колледж ұжымына алғысын білдіріп, студенттерге сапалы білім алып, болашақта ел экономикасына өз үлесін қосатын маман болатынына сенім білдірді.