Қала тазалығына бәрі бірдей жауапты. Көше бойында құм, тас, құрылыс материалдары, күл-қоқыс сынды үйінділер жатпауы тиіс. Бұл шаһар көркін былғап, өмір сүру сапасын төмендетеді. Осы ұранды бетке алған жауаптылар Абай ауданы аумағында рейд жүргізіп, тәртіп бұзған үй иелеріне ескерту жасады.


Жүсіп Белқожаев – құрылыс жұмыстарын бастаған. Аула аумағына өрнек тас төсеп, есік алдын көркейтпек. Ол үшін көше жиегіне құм, тас төгіп, үйінді қалдырған. Полицейлер азаматқа жаяу жүргіншілер жолағына бегет жасап, кедергі келтіргені үшін ескерту жазды. Тұрғын қателігін мойындап, тез арада түзетінін жеткізді.


ЖҮСІП БЕЛҚОЖАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

– «Әне брушатка төсеп жатырмыз. Мынау құмы.»  « - «Ескертіп жатыр, ескертуіне наразы емессіз? – Наразы емеспіз.» – «Дұрыс қой, бұлардың жұмысы ғой.» «Қысқа мерзімде төсейміз, әдемілейміз.» 


Таңнан бері әкімдік қызметкерлері полицейлермен бірге тап осындай 20 үйге ескерту жасаған. Басым бөлігі ағаттығын бірден түсініп, шағал-тасты өзге орынға көшірген. Айта кетейік, үй иесі алғаш рет дәл бұлай тәртіп бұзып, көзге түссе ескерту хаттамасымен ғана құтылады. Ал жағдай тағы қайталанып, ескерту еленбесе айыппұл арқалайды.


ҒАЛЫМЖАН АЙТПАЕВ, АБАЙ АУДАНДЫҚ КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ БАШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

– «Шағал тастарды, құмдарды көшеге төгіп тастайды. Оның бәрі көшенің көркін бұзады. Полицейлермен бірлесе отырып ескерту жүргіздік. Түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.» 


 Абай ауданында тазалық жұмыстарына ерікті түрде үлесін қосып, белсенділік танытып жүрген азаматтар да бар. Соның бірі ауыл биі – Нұржан Датқабекұлы. Ол ұдайы тұрғындармен кеңес құрып, қоғамдық тәртіп ережелерін түсіндіріп жүреді.


НҰРЖАН ДАТҚАБЕКҰЛЫ, АУЫЛ БИІ

 – «Самал 3 елді мекенінде 64 көше бар. Әр көшенің өз белсенді жігіттері бар. Әрдайым тазалық мәселесі бойынша бас қосып тұрамыз. Абай ауданы әкімшілігі және полицейлермен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Ылғи бас қосып, кеңесіп тұамыз»


Сондай-ақ коммуналдық қызмет өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Жауаптылардың айтуынша, рейдтік іс-шараларға арнайы техникалар жұмылдырылған. Егер тұрғын жағдайын түсіндіріп, өтініш жасаса мамандар есік алдындағы үйіндіні тасымалдап беруге дайын.