Шымкент жұртшылығы Астана күнін тойлады. Еңбекші ауданында мереке-думан ұйымдастырылып, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормониясы мен «Шымкент концерт» концерттік ұйымы әртістері жиналған халыққа ән мен жырдан шашу шашты.


Аптап ыстыққа қарамастан мерекені атап өтуге келген жұрттың қарасы қалың. Кешті тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары әсем әндерді тербеле тыңдап, шат-шадыман күйге бөленді.


 ГҮЛБАРАШ АЙДАРХАНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Өте керемет өтіп жатыр. Халықтың көңіл-күйі керемет!әрбір концерт беріп жатқан біздің мықты әртістеріміз халық үшін жұмыс істеп жатыр. Барлығыңызға еңбекте жеміс, табыс тілеймін!


 Сондай-ақ, қаланың дамуына үлес қосып келе жатқан бір топ азаматтың еңбегі еленіп, марапатқа бөленді. Олардың қатарында кәсіпкерлер мен тазалық, коммуналдық қызметкерлер, би-төрайымдар және ауыл билері бар.


 ЕРЛАН КҮЗЕМБАЕВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өздеріңіз тамашалап отырған іс-шара Астана күніне арналады. Жалпы осы іс-шараға ауданының қонақтары, тұрғындары қатысуда. Сонымен қатар ауданымызға еңбектері сіңіп, үлестерін қосып жүрген азаматтар марапатталады. 


 Бас қала- елдің мақтанышы, ел жүрегі, әрі бойтұмары. Күннен күнге көркіне қөрік қосып, заманауи жасампаздықпен дамып келе жатқан елорданы ән мен жырға қосқан шымкенттік бір топ шығармашылық өнер жұлдыздары сахнада ән мен биден шашу шашып, көрермен қошеметіне бөленді.