Түркістан облысында қылмыс саны азайған. Алғашқы жарты жылдықтағы жұмыс нәтижелері баяндалған полиция мәжілісінде осындай мәлімдеме жасалды. Кеңейтілген кеңеске департамент басшылығы мен қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев оперативті жағдай, қылмыстық істердің тергелуі және қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 5,9%-ға төмендегенін айтып, ауыр дене жарақаттары 4%-ға, тонау 11,8%-ға, ұрлық 34,5%-ға, пәтер ұрлығы 30,9%-ға және мал ұрлығы 32%-ға азайғанын жеткізді. Сондай ақ есірткі тасымалдау бағыты бойынша заңсыз айналымнан полиция 260 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілегенін және екі есірткі зертхана қызметін тоқтатқанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар қоғамдық орындар мен көшелердегі, кәмелетке толмағандармен, мас күйінде және бұрын сотталғандармен жасаған құқық бұзушылық деңгейінің де айтарлықтай төмендегенін алға тартты. Позитивті нәтижелермен қатар, жедел мәжілісте бөлімшелер қызметіндегі кемшіліктер де талқыланып, оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берілді.