Түйіні қатты түйіткілді мәселелер сенаторлар назарында. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар халық қалаулыларына өздерінің өзекті мәселелерін жеткізді.
Қала тұрғыны Шахноза Рахметованың үйіне азаматтық киім киген 10 шақты полиция қызметкері басакөктеп кірген. Ешқандай құжат көрсетпеген құзырлы орган өкілдері шаңырағымның шырқын бұзды дейді.
ШАХНОЗА РАХМЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Біз қайдан білеміз кім екенін үйде ешкім болмайды олар беспредел қылып жатыр. Камераға бәрі жазылған оларды двд ға беріп жатырмыз. Бірақ нәтиже жоқ.
Мәселені мұқият тыңдаған сенаторлар істің мән жайын анықтауға кірісті. Арнайы шақыртылған полиция қызметінің өкілдеріне сұрақтарын жаудырды.
НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Заңбұзушылықтар юболған болса оперативно видеофиксация болса бірінші мәселе бұл кісілердің талабын орындау керекпізғой. Екінші мәселе ішкі қауіпсіздің қызметі арыздарды қарамаған болса өзіңіздің құзыретіңізде шеше аласпа.
Шахнозаның мәселесі сенатор назарында болатын болды. Полиция өкілдері бүл істің мән жайын толық зерделеп жазбаша жауап беретін болды. Әрбір ұсыныс – қоғамның сұранысы. Халықпен тікелей кездесіп, олардың нақты мәселесін білу маңызды.