Қаратау ауданында шахмат және тоғызқұмалақтан аудан әкімінің жүлдесіне арналған турнир өтті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы қалалық біріншілікке көзі нашар көретін, зағип жандар және тірек-қимыл мүшесі зақымданған қатысты. «Зияткер Тұран» мектебінде өткен аудандық іс-шараны тілші әңгімелейді.


Турнирге келіп бақ сынағанның бірі Ақжүніс Тайтелиева. Ол 22 жылдан бері тоғызқұмалақтан сайыстарға қатысып жүр. Жеткен жеттістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Тоғызқұмалақтан спорт шеберлігін алғанына 19 жыл болыпты. Мұндай іс-шаралар бізге үлкен ерік-жігер сыйлайды –дейді спортшы.


АҚЖҮНІС ТАЙТЕЛИЕВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

Жақсы ұйымдастырған екен үлкен алғыс. Келешек жастарға деген көзқарасы өте тамаша Келіп ойнап отырмыз үлкен ғанибет


 Шахматқа 18, тоғызқұмалаққа 20 адам қатысты. Олар жеті айналымнан өтіп өз ара мықтыларды анықтады. Турнир барысында әр ойыншыға он бес минуттан берілді. Жеңімпаздарға арнайы марапат бар.


 ҚАЛАМҚАС АЛДАЖҰМАНОВА, №19 МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Осы жарысымызда ойыды бастадық 7 ойын ойнаймыз әр ойынға 15 минуттан әр адамға уақыт беріледі. Бірнші орын біреу екінші орын екеу, үшінші орын екеу Жалпы әр ойында 5 жүлде тағайындалған.


Үзіліс кезінде спортшыларға концерттік бағдарлама ұсынылды. Ойын соңында тТурнир жеңімпаздары мен барлық қатысушылар аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат, кубок, медальдар және спорттық сыйлықтармен марапатталды. Шара талантты спортшыларды анықтап, қала тұрғындарының шахмат және тоғызқұмалаққа қызығушылығын артыруға арналған.