«Шымкент жастар театрының» басшысы мен бірқатар лауазымды тұлғалар бюджет қаржысын жымқырды деп күдікке ілінуде. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Күдіктілер 136 мил теңгеден астам қазына қаржысына қол салған. Бастапқыда мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды сатып алуға 320 миллион теңге бөлінген. Алайда, сатып алу талаптары бұзылып, лоттар қолдан бөлшектенген. Электронды дүкен арқылы жүргізілген саудада 20-дан астам атау қолданылған. Келісім шартқа отырған жалған кәсіпкерлер жабдықты жеткізбеген. Ал, бөлінген қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдіктілердің бірі 48 миллион теңгеге пәтер мен көлік сатып алған. Тергеу аяқталып, іс сотқа жолданбақ.