Алтыншы қабаттан құлап мерт болды! Күні кеше әлеуметтік желіде көпқабатты үйлердің ауласында былқ-сылқ жатқан баласын құшақтап, жан дауысы шыққан ананың видеосы тараған еді. Белгілі болғандай, қаладағы Тұран-2 ықшам ауданында 2 жастағы бала терезеден құлап, қайтыс болды.
Жазатайым оқиға 6-шілде түске жақын уақытта орын алған. 9 қабатты тұрғын үйдің 6-қабатында жалдамалы пәтерде тұратын отбасының баласы қонақ бөлмедегі терезе торына сүйеніп, тормен бірге құлап кетіпті. Оқиға болған уақытта анасы үйде, әкесі жұмысқа кеткен. Ас бөлмеге шығып кеткен анасы қас-қағым сәтте баласынан айырылып қалды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл жыл басынан бергі қаладағы төртінші қайғылы жағдай. 4 жағдайдың үшеуінде балалар қайтыс болған.