Төлеби ауданында «АЙБЫН-2025» әскери-патриоттық іріктеу байқауы өтті. Іс-шараны жеңістің 80 жылдығына орай Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Қосымша білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырды.


Жарысқа аудан-қалалардан 17 команда қатысып, 255 жас спорттық, әскери және көркем шеберліктерін ортаға салып бақ сынасты. Атап айтсақ турникке тартылу, шалқасынан жатып денені көтеру, әскери кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтық ату, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау, сондай-ақ жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию секілді жаттығулар бойынша кіл мықтыны анықтады.


БЕКЖАН ӘБДІСАМАТ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

Мен Түлкібас ауданынан келдім. Біздің команда сайысқа өте жақсы дайындықпен келді. Тек бірінші орынды алуға ниеттіміз. Осы жылдың маусым айында халықаралық сайысқа қатысуға ниеттіміз.


Әскери сайысты өткізудегі мақсат болашақ жауынгерлерді жастайынан әскери іске баулу, олардың бойында отансүйгіштік және қаһармандық рух қалыптастыру.


АРУЖАН ШЕКЕРБЕК, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бүгін ТО Төлеби ауданында «Бәйшешек» жазғы сауықтыру лагерінде облыстық «АЙБЫН-2025» әскери-патриоттық жастар жиыны өтіп жатыр. Бұл сайсқа 14 аудан, 3 қаладан ең мықты командалар яғни, 17әскери патриоттық клуб қатсуда.


Облыстық әскери-патриоттық жиынның қорытындысы бойынша І орынды Кентау қаласының командасы, ІІ орынды Сайрам ауданы, ал ІІІ орынды Арыс қаласының құрама командасы иеленді. Жеңімпаздарға арнайы марапаттар, дипломдар және медальдар табысталды. Жеңімпаз команда маусым айында Ақтөбе облысында өтетін халықаралық кезеңде облыс намысын қорғайтын болады.