Түркістандық полицейлер жүргізушілерге заманауи жадынамалар таратты. "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 100 дана жадынама ерекше форматта дайындалған.
Жадынамаға енгізілген QR-код арқылы азаматтар департаментінің ресми парақшаларына өтіп, жол ережесіне қатысты ақпараттармен таныса алады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары түсіндірме жұмыстары барысында жүргізушілерге кофе ұсынып, жолда сергек болу қажетін ескертті. Полицейлер азаматтарға жолдағы жауапкершілікті сезініп, жол ережелерін қатаң сақтануға шақырады.