Қазақстандықтар үшін мамыр айының алғашқы күні жай ғана мейрам емес, бұл нағыз ұлттық келісім күні. Көненің адамдары дәл осы күнді кеңес заманындағы шерулермен байланыстырып жатады. Алайда, елімізде бұл күн мүлдем басқа мағынаға ие. 1996 жылдан бастап 1 мамыр күні Қазақстанда Бірлік күні боп аталып өтеді. Бұл жай демалыс күні емес, елдің ең маңызды құндылықтары - этникаарлық бірлік пен ұлттар достығын дәріптейтін күн.
ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ, ТІЛШІ
Әрбір мемлекетті жетістікке жетелейтін негізгі қағида - ауызбіршілік. Баяғы заманнан - ақ қазақ халқы ынтымақ қайда болса, ырыс сонда, бірлік болмай тірлік болмас деген сөздерді берік ұстанған. Ал, Әлемде 256 ұлт өкілі болса, соның 130-дан астамы Қазақстанда тұрады. Бүгінгі мерекені қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы елін, жерін сүйетін, салт-дәстүрді сақтап, Мемлекеттік тілге құрметпен қарайтын ұлт өкілдерін марапаттаудан бастады….
Салтанатты шара аясында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығына сәйкес наградталған 76 азаматқа «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 30 жыл » мерекелік медальдары табысталды. Олардың қатарында Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктері мүшелері , қоғамдық келісім қызметкерлері және бірлік депутаттық топ иелері де бар.
СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА, ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Қала әкімінен марапат алып жатырмын. Үлкен рахмет! Қазақстанда туып өстік. Қазақ тілін жетік меңгердік, кішкентай кезімізден салт-дәстүрін де білеміз. 1 мамыр тек мен үшін емес, барлық халық үшін маңызды мейрам деп ойлап тұрмын. Себебі, бәріміз жайлы тыныш өмір сүрып жатырмыз.
Бүгінде еліміздің үшінші мегаполисі - Шымкент қаласында 1 261 709 адам тұрады. Ал, қала тұрғындарының 30%-ға жуығын этнос өкілдері құрайды.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Шымкент ежелден достық пен бауырластыңтың киелі мекені саналған. Қаламыздың өсіп-өркендеуіне сан ұлт өкілдерінің үлесі бар. Ел келешегіне нық қадам басып отырған қаламыз алдағы уақытта да осы қалпында қалады деп сенемін!Әрбір қала тұрғыны халқымыздың үздік дәстүрін жалғап, ішкі бірлігімізді бекемдеуге шақырамын! Құрметті ағайындар, халқымыздың асыл армандары көш басында тұрған бірлігіміз бен тұрақтылықты тарихтағы тағылымды дәстүрінен білеміз. Бірлік бакр жерде ыврыстың да артатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бүгінгі мереке Қазақстандықтардың ынтымағын жарасытырып, ырысын арттырсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Түрлі этностардың басын бір арнаға ұйыстырған қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 16 этномәдени бірлестік пен 7 қоғамдық құрылым жұмыс істеп тұр. Қалалық Әзірбайжан этно-мәдени орталығының мүшесі Арзу Гурбанова осы елде тұратын әрбір ұлт өкілі қазақ тілін жетік меңгеріп, салт-дәстүріне құрметпен қарауы керек деп есептейді. Ұлттық тәрбиенің үлгісін отбасынан бастаған дұрыс дейді.