Кіреберісінен бастап кілеммен көмкерілген, ұлттық нақыштағы ерекше аула тұрғындарды таң қалдырып келеді. Осы іске әуестенген Дана Бектаева жылдар бойы мыңнан аса кілем түрлерін жинап, жертөлесін мұражайға айналдырған. Көздің жауын алар көріністі әріптесім де көріп келіпті.
ӘСЕЛ ЕРБОЛҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Мен дәл қазір кинофильм локациясында емес, қарапайым қала ауласында тұрмын. Қазақтың шоқтығы биік мәдениетінің бәрі осы жерде. Тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезінетін кеңістік. Бұл жер ұлттық құндылығымызды ұлықтау маңызды екенін тағы да еске салатындай.
Дана Бектаева бұл асыл мұраларды 10 жылдан бері жинап келеді. Алғашқыда қолөнер бұйымдарын пайдаланып кәсіп ашқысы келіпті, кейін өрнек иірімдері мен ою сырлары бағытын басқа арнаға бұрып жіберген көрінеді.
ДАНА БЕКТАЕВА, КОЛЛЕКЦИОНЕР-ЗЕРТТЕУШІ
Көптен бері басқа елдерде де тұрдым, содан қайтып келіп, өзімнің аулыма келгенде аулам енді түрі нашар болған шынын айтқанда. Қазір дуалдағы безендірілген кілемдер олар сирек кездесетін кілемдер. Сіз қазір тек осы дуалдардан көре аласыз. Ондай кілемдер қазіргі таңда басқа ешкімнің қолында жоқ.
Сан алуан бояулармен безендірілген, кестелі кілемдермен көркемделген аула көздің жауын алады. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «қазақы аула» деп атап кеткен. Арнайы іздеп келіп, тамашалайтындар да аз емес. Осында келсем, бақыттты бала шағым есіме түседі дейді.
ШЫҢЗАТ ҚОЖАХМЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Әлеуметтік желіден осы жерді көріп, біраз нәрселерді көріп келіп қызығып отырмын. Және баяғы балалық кезде көрген заттарым, қайтадан осы жерде көріп, балалығым еске түсті.
Мұнда 40-тан аса кілем үлгісі бейнеленген. Олардың қатарында көне тайпалардың өрнек стильдері де бар. Әрбір компазицияны жасау үшін суретші 1 айдан артық уақыт жұмсаған екен.
ДАНА БЕКТАЕВА, КОЛЛЕКЦИОНЕР-ЗЕРТТЕУШІ
Абылай ханның телпегінде осындай бір белгісі болған. Бірақ осыны біз ең күшті кілем деп санаймыз. Өзіміздің коллекциямызда өйткені өте сирек кездесетін кілемдердің бірі.
Дананың арманы Шымкенттен арнайы кілем мұражайын ашу. Топтамасындағы құнды мұраларды сол жерде көпшілік назарына ұсынбақ.