Биыл қазақтың көрнекті копазиторы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл. Дарынды дирижер «Отырар» саз оркесторының негізін қалаған. Мегаполисте дара тұлғаны құрметіне сазды кеш ұйымдастырылды.


Нұрғиса Атабайұлы – қазақ музыкасының ұлы тұлғасы, өз өнері¬мен ұлт¬тық мәдениет¬тің терең тамырларын жаңғыртып, оны жаңа деңгейге көтерген композитор, дирижер және орындаушы. Ол қазақтың сал-серілік дәстүрінің соңғы тұяғы ретінде, өзінің шығармашылығында ұлт¬тық болмыс пен кәсіби өнерді үйлестіре білген. Ұйымдастырушылар өнер саңлағының туындыларын паш етті.


РАУШАН ТЕҢГІЛБАЕВА, СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

Ең алғашқы елімізде пайда болған аркестір отырар саз аркестірінің негізін қалап оны аяққа турғызып осы күнге дейін осы дәрежеге жеткізуі жоғары деңгейде Және биыл Түрксойда биыл Тілендиев жылы атанып отыр.


Сазды кешке Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ Мәдениет және өнер факультетінің студенттері мен ұстаздары арнайы шақыртылған. Ернұр комплекс орталығының домбырашылары да арнайы келіпті. Олар даңқты компазитордың шығармаларын орындап көрерменді тәнті етті.


ҰЛЖАЛҒАС СЕБЕТБЕКҚЫЗЫ, ЕРНҰР ӘЛЕУМЕТТІК КЕШЕНДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ

Бүгінгі кештің әсерлі өтуіне өзіміздің үлесімізді қосып жатырмыз. Нұрғиса Тілендиев қазақтың ұлы компазиторы. Қазақ өнеріне өзінің өрнектеп қосқан үлесі бар азамат. Ұлы адам.


Нұрғиса Тілендиев – дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре білген композитор. Оның шығармашылығы қазақтың музыкалық мәдениетінің алтын қорына қосылған. Ол өзінің рухани еркіндігін сақтап, ұлт¬тық өнердің асыл қазынасын жаңаша, заманауи деңгейде ұсына білген. Сондықтан да майталман шебердің ұрпақтарға қалдырған рухани мұрасы мәңгілік жасай беретіні сөзсіз.