Тонау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды. Полиция қызметкері қоғамдық орындарға бейнебақылау камераларының көмегімен зерделеу жүргізіп, тұрғындар арасындағы дау-жанжалды байқаған.
Белгісіз ер адам азаматшаның мойнындағы әшекей бұйымын үзіп алып, сөмкесін тартқылап жатқаныны бейне бақылау жүйесіне таспаланған. Бақылаушы бірден әрекет етіп, оқиға орнына жақын маңдағы полицейлерге хабар берген. Жедел әрекет нәтижесінде ішімдік ішіп, тапа-тал түсте тонау қылмысын жасаған ер адам ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.