Шымкентте оқ тиіп жараланған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы қалай? Шенеунік ауыр сәттерден өтіп, енді толық оңалту кезеңіне көшкен.


 Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау басқармасының басшысы брифингте мәлімдеді. Естеріңізге салып өтейейік, қоғамды дүр сілкіндірген оқиға 21 сәуір күні орын алған болатын. Әкімдік ғимаратының алдында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалған болатын. Салдарынан ол ауыр жарақат алған.


НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Ол кісі қазір жүріп жүр. Жағдайы дұрыс.Қойылған аппараттың бәрінен шектелді. Өзі демалады. Енді біз қазір тек оңалту шараларына кірісеміз. Ол кісі ауруханадан шығады деп отырмыз.


Науқас ауруханадан шығарылып, үй жағдайында бақылауда болады. Ал оқ атқан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.