Еліміздің түкпір -түпірінде – қалалар мен аудандарда мерекелік бағдарламалар өтіп жатыр.Түрлі ұлттың киімі мен ән-күйін де де осы күні молынан тамшалауға болады. Бәрі бір-бірімен арқа-жарқа боп болысуда. Мерекелік шаралар легі Қаратау ауданының «Сайрам» тұрғын алабындағы Наурыз саябағында жалғасты.


Сайрамдықтардың ұлан-асыр тойын көру бізге де бұйырыпты. Өзбек халқы аспаптарының үні мен қазақтың күмбірлеген күйлерін және ұйғыр мен шеншен ұлтының билерін нақышына келтіріп орындап жатқан бүлдіршіндерге қарап сүйсінесің.


АЛМАС АБАЕВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 Мерекелік шараның негізгі мақсаты-бір тудың астында бір елдің береке мен бірлігін көрсету, әртүрлі ұлт өкілдерімен достықта, берек-бірлікте еліміздің дамуына үлес қосып отырған барлық кісілерді марапаттап, ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне араласып, белсеенділік танытып жатқан азаматтарды марапаттадық. Достық биі, әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық ұлттық киімдерімен биі бірлікте өмір сүріп жатқанымызды білдіреді.


 Қазақ жерінен жылу мен пана тапқан Башат Алиев қиын-қыстау заманда бабаларына қабақ шытпай құшақ ашып, бауырына басып, тұтас бір этностың ұрпағын аман сақтап қалған дархан қазаққа алғысын айтуды парызы санайды.Ол талай жыл Ішкі істер саласында қызмет атқарыпты. Балаларына қазақ есімдерін беріп, ұлттық сананы бойларына жастайынан сіңіріпті.


 БАШАТ АЛИЕВ , САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Біз қазақ ата-бабаларымыздың жақсылығын қалай естен шығарамыз? Өмірі естен шығармаймыз. Бір шаңырақтың астында бір атаның балалаврындай 130 дан аса ұлт өкілі тұрамыз. Бұл барлығы ынтымақтыф татулықты көрсетеді. Татулық ынтмақ қайда барасың-ауызбірлікке барасың. Бір жағадан қол, бір жеңнен бас шығарайық. Ауызбірлік ынтымақөқа барады. Бірінші мамыр құтты болсынр!Бұл өте жақсы мейрам. 


 Іс-шарада қоғамдық-саяси өмірге белсене араласқан азаматтар мен білім беру және мәдениет мекемелерінің басшылары марапатталып, «Мемлекеттік тілім – Мақтанышым!» аудандық эссе байқауының жеңімпаздары да арнайы сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары мен Ардагерлер және Аналар кеңесінің төрағалары, этномәдени бірлестік өкілдері құттықтауларын жеткізді.


ШӘКІРБЕК УМАРОВ, САЙРАМ БАЛАЛАР САЗ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

 Қазір көргеніміз, бүкіл қазақстан халқының ұлт өкілдері дін өкілдері тату біргі іс шараға қатысуы концерттік бағдарламамен өз балаларын көрсетіп, әр ұлттың өнерін көрсетіп, тұз-дәмін таттырып жатқан керемеит іс шараның куәіс болып жатырмыз. Ол да біздің егемендігімздің қазақстан халқының тату ккеремт үлгі болатынының көрінісі. 



 Іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. Арнайы қойылым мен ән-би және музыкалық композицияларды паш етті.