Енді Қазақстан азаматтары eGov.kz порталындағы қызмет арқылы банктен қарыз бен микрокредит алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы хабарлап отыр.
 Сервисті қолдануға азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым салу мерзімсіз уақытқа қойылады. Сондай-ақ қолданушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін eGov.kz порталында қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет. Сервис жеке тұлғаның банктік қарыз бен микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуды жою құқығын бекітуді көздейтін заңнамалық актілерге түзетулер шеңберінде іске асырылған.