Болашақ дәрігерлер елімізде Атом электр станциясын салуды қолдайды. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері АЭС салу елімізге әлемдік деңгейде жаңа технологиялар мен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді дейді. Олар жастардың бұл салада өз үлесін қосуы өте маңызды екенін айтады.


 6 қазан күні елімізде Атом электр станциясын салу  бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Осы орайда жастар арасында түсіндірмелік жұмыс күшейді. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері референдумға қатысу әр-бір жастың азаматтық міндеті екенін айтып, АЭС құрылысының жүруіне үлес қосатынын  жеткізді.
 

ЗАРИНА ӘБІЛАЗИЗ - СТУДЕНТ

- Біз АЭС бойынша кездесуге қатысып жатырмыз. ЖАлпы мен АЭС тің салынуын қолдаймын. Себебі оның экономикаға пайдасы өте көп және ең бастысы басқа елдерге тәуелділігімізді жояды.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі халыққа жолдауында күн өткен сайын  экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр деген болатын. Мұндай сұранысты атом энергиясы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұр.


МАРҒҰЛАН ЕРМАҒАМБЕТҰЛЫ – «БАСҚАРУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
 ---Екі аса маңызды мәселені айтуымыз керек. Бірінші кезекте бұл жастар ғой. Жастар саяси науқанға бірінші рет аяқ басқалы отыр. Өз конституциялық құқығын бірінші рет іске асырады. Референдумға барып дауыс береді. Екінші мәселе президент жолдауда айтқан АЭС салуға байланысты. Жасыратыны жоқ азаматтар көп дүниеден бейхабар. Бұл экономикалық аса маңызды мәселе де. Кейбір адамдарда салалық білімнің жетіспеуінен жете түсінбей жатады.


Шымкенттегі жастар ресурстық орталығының мамандары АЭС салуды барлық қоғам мүшесі қолдауы тиіс екенін айтады. Әсіресе жастарға түсіндіру маңызды дейді. Сол себепті жоғарғы оқу орындарын аралап, студенттермен кездесу өткізіп жүр.