Атом энергетикасын дамытуда баршаның пікірі маңызды. Әсіресе жастардың ойын тыңдап, оларды түсіну қажет. Шымкенттік жас ғалымдар мен белсенді студенттер бұл тақырыпты талқылаудан шет қалмады. Олар замандастарын нақты тұжырымдалған ғылыми фактіге сүйенуге шақырды.  

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің PhD докторы: «Қазір жасанды интеллект, робототехника атом энергетикасын әрі қарай дамытуда белсенді қолданылып жатыр. Сондықтан бұл қызметте технологиялық прогресс бар»,- дейді.

  Жас ғалымның айтуынша, жасанды интеллект электр энергетикасы саласында үлкен маңызға ие. Үлкен мәліметтер оңай болжанады, соның арқасында қоршаған ортаны ластау деңгейі, қалдықтың санын азайту, техникалық-экономикалық көрсеткішін қалай түзу керегін болжап отыруға болады.

Ал белсенді студент Азамат Бақтығалиұлы атом дегенде ат тонды алып қашудың қажеті жоқ, бұл өткеннің дәуірден қалған қорқыныш дейді. Пікірсайысшы жас жаһандық жылыну мен экологияға бөлінетін көмірқышқыл газының тигізетін зиянына алаңдаулы.

 Ғылым-білімге құмар жастар халық энергетикалық қауіпсіздік үшін АЭС-тің өте маңызды екенін түсінуі керек деп отыр. Олар осы жолда қоғамдық пікір қалыптастыру да маңызды дейді.