Футболдан  елішілік 20 тур  ойындары  аяқталды. Қажымұқан атындағы стадионда «Ордабасы» мен «Атырау» командалары кездесіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын команда капитаны Асхат  Тағыберген  салды.


Ойынның бірінші минутында тізгінді қолға алған шымкенттік футболшылар алғаш болып 22 минутта есеп ашты. Команда капитаны Асхат Тағыберген айып алаңының сыртынан ғаламат соққы жасады. Қақпашы Хаткевич қайтарғанымен доп қақпашының қолын қайырып қақпа торынан бірақ шықты.  Ойынға  шолу жасап отырған комментатордың өзі чемпионаттағы ең ғаламат гол деп атап өтті. Ордабасы салған бір голын ВАР арқылы төрешілер есепке алмады. Түсініксіз жағдайда Айбол Әбікен алаңнан қуылды. Чемпиондыққа таласып жатқандар қатарына Семейдің Елімай командасы қосылды. Олар бір артық ойынымен турнир кестесінің көшін бастады. Енді Ордабасы 22-қыркүйек күні Астана футболшыларымен өз алаңында күш сынасады.