Спорттық сайыста бір отбасы бір команда. Жанұядағы ынтымақ жарыста да білінеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен №12 қалалық емхана отбасылық жарыс ұйымдастырды. Спорттық ойын жайында  тілші әңгімелейді.

Замира Усманова 3 ұл 1 қыздың анасы. Бала-шағасынан құралған «Мерейлі отбасы» командасының капитаны. Елуді еңсерген келіншек әліде сергек. Перзенттерімен бірдей жүгіріп аяғы талмады, сайыста белсінділік танытып, қарсыластарынан қалмады. Ұл-қыздарымен кішкентай  шеңберден де өтті, мәреге сүрінбей жетті.  

ЗАМИРА УСМАНОВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ   
Біз отбасымызбен сайысқа қатысып отырмыз  Барлығы жақсы өтіп жатыр. Қарсыластарға сәттілік тілеймін

Бұл сайыс ұлттық отбасы күніне арналған «Дені сау жанұя – дені сау мемлекет» Ұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Мегаполистегі жарыс «Мықты отбасы, мықты мемлекет» ұранымен өтті.

АЙЖАН МОЛДЫБАЕВА, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
 Бұл шараның негізгі мақсаты отбасы мүшелерінің денсаулығын белсенділігін нығайту. Салауатты өмір салтын дәріптеу. Қавла тұрғындарын белсенділікке шақырамыз.  

Үздік деп танылған үш отбасы сайыстың бес түрінен жарысты. Қазылықты №12 қалалық емхана дәрігерлері алып әділ бағаларын берді. Эстафеталық ойындар көрерменнің делебесін қоздырды. Айтқандай жанкүйерлер қатарында бүлдіршіндер көп.  Балғындар аға әпкелеріне қолдау білдіріп, мәз мейрам болды. Сайыс қорытындысымен «Мерейлі отбасы» тобы үздік деп танылды.