Шымкентте сталкинг жасаған күдіктілер қамауға алынды.Ұсталғандар бұрын жәбірленушілермен таныс болған.Полицейлер екі жағдайға қатысты қылмыстық істі тәулік ішінде сотқа жолдады.
Алғашқы оқиғада қала тұрғыны полицияға бұрынғы танысына қатысты арызданған.Екі арадағы қарым-қатынастың тоқтағанына қарамастан күдікті жәбірленушінің мазасын алған.Түрлі номерлерден қоңырау шалып, тіпті жұмыс орынан іздеп барған.Екінші жағдайда сталкинг соңында физикалық күш қолданған.Екі іске қатысты да сталкинг және ұрып-соғу баптарымен қылмыстық іс қозғалған.Әйелдерге қысым көрсеткен күдіктілер ұсталып, қамалған.Естеріңізде болса бұған дейін Астанада танысының мазасын алып, Сталкинг жасаған күдікті бас бостандығынан айрылған болатын.
ЕРКЕБУЛАН ЕРЕЖЕПОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері сталкингтің екі жайтының жолын кесті.Екі жағдай да күдіктілер жәбірленушілермен бұрын соңды таныс болған. Әйелдердің қарым-қатынастан бас тартқандарына қарамастан ер адамдар оларды аңдып байланыс орнатуға тырысқан. Күдіктілер жедел түрде ұсталып,қамауға алынды. Қылмыстық істер сотқа жолданды. Полиция мұндай құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.