Еліміздегі этнос өкілдері мемлекеттің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Қазақ туының астына біріккен ұлыстар енді Қазақстан халқы кеңесіне мүше болады.  Шымкент қаласында «Бірлік пен келісім – Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылды.  Кездесуде жаңа Конституция жобасы әңгімеге арқау болды.


Жиында Мемлекет басшысының 2025 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген саяси реформаларға жайы сөз болды.  Ата заңның  жобасын қоғамда кеңінен талқылаудың маңыздылығын айтылды.
Қазақстан халқы ассамблея институты бүгінгі  күнге дейін өзінің алға қойған міндеттерін толық атқарды.  Еліміздегі ынтымақ бірлікке бағытталған түрлі іс-шараларға мұрындық болды. Енді бұл институт Қазақстан халқы кеңесі қатарында қызметін жалғастыратын болады.   


ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Олар ұсыныс беруші үйлестіруші орган есебінде біздің басқару құрылымдарымызға заң шығарушылық бастамалар беруге тағы басқа шараларға жәнеде Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың бірлігін татулығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша үлкен бастамалар көтере алады.

 Пікір алмасу бөлімінде қалалық ассамблея төрағасының орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан қалалық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева және өзге де қатысушылар сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Ассамблея жанында әр кеңестің қоғамда өзіндік орны бар. Бір ғана Аналар кеңесінің өзі  тек консультативтік емес ұлт болашағын айқындайтын ауқымды шараларға мұрындық болып келеді.


ГҮЛЖАН  СҮГІРБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
 Аналар кеңесі өкілеттілігі негізгі негізгі міндеті отбасымен ана болу институттарын нығайту жолымен қоғамдың келісімді нығайту. Ұлттық бірлікті қамтамасыз ететін бірден бір қоғамдық ұйым.

Жаңа Конституция елдің тұрақты, қауіпсіз және орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады. Жоба қоғам мүддесін толық қамтуы үшін барлық азаматтар талқылау процесіне белсенді қатысуда. Жиын қорытындысында Ассамблея мүшелерінің ел бірлігі мен татулығын нығайту жолындағы көпжылдық еңбегі атап өтіліп, қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөл атқаратыны айтылды.