Шымкенттегі жол-көлік колледжі енді халықаралық деңгейде білім береді. Оқу ордасына оңтүстік кореядан өкілдер келді. олар «АВЕЕК» аккредациялау ұйымынан келгендер. Шетелдік ғалымдар колледжде 4 күн бойы сараптамалық талдау мен бағалау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде білім беру үдерісінің сапасы мен тиімділігіне жоғары баға берілді.  


 Білім ордасы өңірде көлік құралдарын жөндеу мен құрастырудың шеберлерін даярлап келеді. Темір тұлпарға қажеттілік артқан сайын мұндағы шәкірттердің де оқу тәсіліне қойылатын талап жоғары.  Қазір мұнда 1814 студент білім алып жүр. Бұдан былай олар шет елдерде жұмыс істей алады.


БАЛМАРЖАН НАРБЕКОВА, ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің биылғы түлектеріміздің тізімін береміз. Ол тізімді әлемдегі дамыған 23 мемлекетке жаңағыдай доступы болады. Ол АҚШ, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индонезия, Индия сияқты деген сияқты алпауыт мемлекеттерге бұл диплом жарамды. СКЛ. Сүйінші жаңалығымыз біз прикладной бакалавриват деп аталатын жоғары колледж болу мүмкіндігі лицензиясын алдық.


Соңғы кезде ел нарығында электромобильді автокөліктерге сұраныс артқан. Бірақ, оның тілін түсінетін маман жоқтың қасы. Оқу ордасының ұжымы осы олқылықтың орнын толтыру үшін жүйелі жұмыс жүргізуде. Кореялық ғалымдар да мұны құп көреді. 4 күнге созылған шара нәтижесінде жол-көлік колледжі халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті. Бұл құжат басшылық құрамға салтанатты түрде табыс етілді.


 Халықаралық аккредиттеу комиссиясының бағалаушы тобы білім алушылар мен оқу ордасына оң баға берді. Сонымен қатар түрлі бағыттарда бірлесе отырып жұмыс істеуге шақырды. Бұл үшін білім ордасының техникалық базасы сақадай сай.