Жаңа Ата заң  жобасында  адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндіктері ең жоғары құндылық деп жазылған.  Мемлекет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өзінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырады. Осы арқылы құқықтық мемлекет қағидаттары нығайып, әділетті әрі ашық қоғам құруға берік негіз қаланады.  Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын  кітапхашылар талқылады.


Уақыт пен заман өзгерісіне сай құқықтық жүйенің де жаңғыруы – заңды құбылыс. Сондықтан жаңа Конституция жобасы – ескі дәуірдің мұрасынан заманауи, әділетке негізделген құқықтық мемлекетке өту жолындағы маңызды қадам. Жаңа Конституция жобасының кіріспесінде қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы, егемендік, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықтың мызғымастығы айқын көрініс тапқан. Жобамен толық танысқан кітапхана ұжымын мәдениет пен руханият, тарихи жәдігерлер ата заңмен қуаттап қорғалатындығы қуантып отыр.


АНАР ЖАППАРҚҰЛОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Осы ата заңымыздың 40 бабында тайға таңба сасқандай етіп айқындап көрсетіп қойды. Еліміздің әр азаматы тарихымыз бен тарихи жәдігердлерімізді сақтауға оны қолдауға қорғауға міндетті деп көрсетілген.  Біз қуаныштымыз.


Ата Заңның жаңартылған редакциясында мемлекет дамуының іргелі бағыттарын айқындайтын мызғымас қағидаттар мен құндылықтар нақты белгіленген. Соның ішінде адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі басты басымдық ретінде айқындалды.


ГҮЛМИРА АЛПЫСБАЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
  Конституциялық өзгерістерді қолдаймын. Ол жай ғана бас шұлғудан емес. Оның тереңдеп зерттеліп заң саласы мамандарының әлемдік елдерден тәжірибе алап жазылғанынан Әрине парламенттік реформа дегеніміз конституциялық өзгерістерге алып келеді.


МЕЙІРЖАН ЖАҚЫП, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
 Бұрынғы ата заңымызды қанша жерден оқысақта орыс тілінен теріп алынып калька аудармамен жазылғандықтан адам түсінбейтін. Қазір нағыз мамандары жазған жоба ұғынықты.


 Мәдениет саласының қызметкерлері  Конституция жобасында көтерілген бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді. Олар бұл құжат ел дамуына берік құқықтық негіз қалап, әділ қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өттІ.