Орталық Азия Инновациялық университінде жаңа Ата заңға енетін өзгерістер талқыланды. Жиынға арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жаңа Конституция жобасының маңызына тоқталып, құжатты әзірлеу барысында қоғам пікірі басты назарда екенін атап өтті.


Орталық Азия Инновациялық университінде жаңа Ата заңға енетін өзгерістер көпішілікке таныстырылды. Жиынға арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өз сөзінде, жаңа Конституция жобасымен өзімізді біртұтас ұлт ретінде бекітеміз – деді.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ     
Осы Конституцияда біз өзімізді сол өзінің ұлттық қалыптасқан дәстүрі бар, ұстанатын салты бар, мемлекеттік тілі бар ұл ретінде, өзімізді біртұтас Қазақстан ұлты ретінде бекіткелі отырмыз. Бұлда қуанышты жағдай, қазақтың сонша жылдан бері арман еткен мұраты, мақсаты осы еді ғой.


Университет басшылығы жобаның негізгі өзгерістерімен танысып, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Жиын барысында ел дамуының жаңа кезеңіне сай келетін құқықтық құжат қабылдаудың өзектілігі айтылды.


 ЕРЖАН АБДУХАЙЫМ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР
Жастарға қатысты Конституциялық реформаның ішін қарасаңыздар білім және ғылым мәселелері көп қолға алынған. Бұл өте керемет, алдағы уақытта осы бойынша жұмыстар жүреді. Біздер енді болашақ шәкірттерді жақсы азамат етіп тәрбиелеу. бұларді елінің патриоты етіп тәрбиелеу басты идеологияның бірі. Студент жастар тек маман болып қана емес, елдің ертеңін ойлайтын.


Қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, оның ел басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтарын қорғауға  және халық мүддесін қамтамасыз етуге бағытталғанына сенім білдірді.