Сауран аудандық прокуратура қызметкерлері жол қауіпсіздігіне байланысты ауқымды шара ұйымдастырды. Аймақтағы білім ұяларымен бірлесіп түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Мектеп аумағында жергілікті құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуында профилактикалық іс-шара өткізді.

 Бұл шара Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершілік  акциясы аясында жүзеге асып жатыр.  Сауран ауданы прокуратурасы өкілдері  өскелең ұрпаққа жол қауіпсіздік ережелерін  егжей-тегжей түсіндірді. Шараның басты мақсаты оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, жолдағы қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және жазатайым оқиғалардың алдын алу.

СУХРАБЖАН ҚАҚАРОВ, САУРАН АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Толағай сайысының мақсаты отбасылық қарым қатынасты нығайту. Зорлық зомбылықтың алдын алу болып табылады. Отбасылық құндылықтарды

 Саурандағы Тұрсынхан Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары да шараны қыздырды.   Заң және тәртіп тақырыбында түрлі ойындар  ұйымдастырылған.  Ашық сабақтар булинг және  өзгеде құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Жобаға ата-аналарда қатысып  Батл интелектуалдық шоу мен  отбасылық толағай сайысы өтті.

ҚАНАТ БАЙТИШЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Толағай сайысының мақсаты отбасылық қарым қатынасты нығайту. Зорлық зомбылықтың алдын алу болып табылады. Отбасылық құндылықтарды

Кездесу барысында балаларға жаяу жүргіншілердің міндеттері, жол белгілерінің маңызы және қауіпсіз жүріп-тұру қағидалары түсіндірілді.  Мұндай акциялар жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.