Түркістан облысында полиция жоғалған жылқы үйірін тауып, иесіне қайтарды. Сауран ауданының тұрғынынан 21 бас жылқының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Тәртіп сақшылары көршілес аумақтарды және жайылымдарды қарап, іздеу шараларын жүргізген. Нәтижесінде тұрғынның жоғалған үйірі көрші ауыл маңынан табылды. Полиция үй жануарларының иелеріне жайылым ережелерін сақтау және малдарды қараусыз жібермеу қажеттігін ескертеді.
ДАНИЯР ТҮЙМЕБАЕВ, САУРАН АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан 102 арнасына жайылымдық жерде 21 бас жылқы жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Хабарлама бойынша жедел тергеу тобы құрылып, аталған 21 бас жылқы көрші ауылдағы жайылымдық жерден табылып, қайтарылды