Кітап оқимын деп алаяқтардың құрбанына айналуыңыз мүмкін. Полиция алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Сақ болыңыз, әккілер Telegram-ға тегін электрондық кітаптарды жүктеп, оның ішіне зиян файл жасыруы мүмкін.
Файлды орнатқан кезде алаяқтар құпиясөзді ұрлап, хат алмасуға және фотосуреттерге қол жеткізеді. Тіпті арам ниеттілер смартфоныңызды қашықтан басқарып, жеке деректерді иемденіп кетуі де мүмкін. Полиция бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату қауіпті екенін еске салады.