Тұран ауданы жасыл желекке айналып келеді. Себебі ауданда 2025 жылы 5 орынға гүлзар салынған. Көгалдандыру жұмысы биылда жалғасатын болады. Бұдан өзге ауданда қандай жұмыс атқарылды? Әріптесім Нұрлан Пайзовтың сюжетінде толығырақ.
Тұран ауданында 2025 жылы біршама тындырымды іс атқарылыпты. Инфрақұрылыммен қамту жұмысы қарқын алып, шеткі елдімекен тұрғындарына жағдай жасалған. Жолдар салынып, аулалар абаттандырылған. Қалада күн тәртібінентүспеген кәріз жүйесінің мәселесі де оңтайландырылып келеді.
АСЫЛЖАН ДӘУЛЕТХАНҰЛЫ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ М.У.А
Толық қамтылған Түркістан, Наурыз, Самал, Спорт, Кіші самал, №3,№4 және №8 шағынаудан қамтылған. Кәріз жүйесі толық қамтылмағандар орталық аумақтар 112 орам, Агропром және Қорғасын. Және алдағы уақытта қамтылатындар Ақтас, Ақтас-2, Арғымақ, Айкөл, Құлагер, Қазығұрт, Құрсай, Карл Маркс және Жаңаталап шағынаудандарында алдағы уақытта жұмыс жүргізілетін болады.
Ауданда халқының 100 пайызы таза ауыз су ішіп отыр. Электр желілерінің мәселесі де шешімін тапқан. Тек көмір жағып күл шығарып отқан 3 елдімекен бар екен.
АСЫЛЖАН ДӘУЛЕТХАНҰЛЫ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ М.У.А
Қазіргі таңда бізде табиғи газ болып тұр. Ол Жаңаталап, Құрсай, Айкөл шағынудандарында. Осы 3 елдімекен бойынша құжаттарды осы жылы экспертизаға беріп жатырмыз. Экспертизадан шыққаннан кейін құжаттарды толық тіркету 2026-2027 жылы жүзеге асады. Сол уақытта осы шағынаудандар толығымен табиғи газбен қамтылатын болады.
Ауданда 1229 көше болса, былтыр барлығына асфальт төселіп, жол мәселесі шешімін тапқты. Сонымен қатар аулаларды абаттандыру мен спорт алаңшаларын салу жұмысы да қарқынды жүргізілді.