Ел тұрғындары жаңа конституцияның жобасын қызу талқылап жатыр. Жаңа редакцияда бұрынғы «еңбек бостандығы» формуласының орнына «Еңбек құқығы» ұғымы нақтыланды.
Жаңа ұғым Қазақстанның халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді. «Еңбек құқығы» терминіне баса назар аудару – мемлекеттің әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерді өз мойнына алатынын білдіреді. Бұл тек жұмыс істеуге рұқсат беру ғана емес, сонымен қатар: Жұмыспен қамтуға тең қолжетімділік; Еңбек саласындағы кемсітушілікке жол бермеу; Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттің оң міндеттемелерін орындау.
ЖЕҢІС МАҚҰЛБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Атап айтқанда 27 бапта әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар екендігі қарастырылп отыр. Мәжбүрлі еңбекке тарту тек сот актісі кезінде немесе соғыс жағдайларында немесе төтенше жағдайлар жарияланған кезде жүзеге асырылады. Қалған уақытта ол мәжбүрлі еңбекке тарту тыйым салынған. Әр-бір азаматымыз жаңа конституцияның жобасы бойынша барлық санитарлық гигиеналық талаптарға сәйкес келетін, еңбек қауіпсіздік талаптарына ссәкес келетін жұмыс орындарында жұмыс жасауға толық құқы бар. Осындай құқықтар қарастырылған мемлекеттің бұл ата заңы конституциясы әр-бір азаматтың еңбек құқықғын қорғап отыр деп санаймыз. Жаңа онституцияның жобасын қолдаймыз.