Шымкент қаласындағы ең жүктемесі жоғары жолдардың бірі – Бәйдібек би даңғылында көлік қозғалысына кезең-кезеңімен шектеу енгізіледі. Шектеулер жаздың басына дейін жалғасады. Бұған көлік айрығы құрамындағы автомобиль көпірінің құрылысы себеп болып отыр.
Бәйдібек би даңғылында автокөлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады. Өзгерістер көлік айрығын салу жобасын іске асыруға байланысты және кезең-кезеңімен енгізіледі. Құрылыс жұмыстары даңғылдың екі учаскесін қамтиды. Бірінші учаске Төлеметов көшесімен қиылыстан Ақберен көшесіне дейінгі аралықты, екінші учаске сол қиылыстан Қызылқайың көшесіне дейінгі бөлікті қамтиды. Әрбір учаскеде қозғалыс екі ай мерзімге шектеліп, біржақты қозғалыс ұйымдастырылады. Ведомство жолдың толық жабылмайтыны атап өтті. Алайда құрылыс кезеңінде қозғалыс сызбасы өзгеріп, жүргізушілер уақытша жол белгілеріне бағдарлануы қажет болады. Жалпы алғанда, шектеулер шамамен төрт айға созылып, жаз маусымының басында аяқталады. Автокөлік жүргізушілеріне маршруттарын алдын ала жоспарлап, көлік қозғалысы тығыз учаскелерде аса сақ болу ұсынылады.